Елімізде ауызсуды есептеудің жаңа әдістемесі бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM — Енді қазақстандықтар ауызсудың төлемін жаңа әдіспен төлейді. 

ауыз су
Фото: Kazinform

Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен ауызсуды беру қызметінің құны субсидияланатын сумен жабдықтау жүйесінен берілген бір текше метр ауызсу үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекітті.

Халық тұтынған судың төлемақысын есептейтін әкімшінің негізгі міндеттері:

— облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және елордада сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілері бойынша республика бойынша орташа тарифті есептейді;

— облыс бойынша орташа тарифті есептейді;

— облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізеді;

— әлеуметтік-экономикалық талдау нәтижесі бойынша қорытынды дайындайды.

Сонымен қатар, егер бір адамның су тұтыну нормасы тәулігіне 140 литрден асса, әкімші келесі көлемге төлемақы мөлшерін 1,3 коэффициентін қолдана отырып есептейді.

— Халық үшін орташа тариф тұтынушыларға сумен жабдықтау қызметіне арналған орташа тарифті және сумен жабдықтау қызметіне тарифтің жалпы сомасын ескере отырып есептеледі. Бұған дейін қолданылған, ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көзі аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйесі арқылы халыққа берілген бір текше метр ауыз су үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінің күші жойылды-делінген құжатта.

Құжат жобасымен толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады

Бұйрық 2025 жылғы 13 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, биыл тамызда су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидалары бекiтілген еді

Соңғы жаңалықтар