Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізде бір тәулікте 3 орман өрті сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 23 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін еліміздің орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Өңірлер бойынша:

  • Қарағанды облысы — 1 өрт;
  • «Ертіс орманы»МОТР — 2 өрт.

Министрлік мәліметінше, өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталып, қызметкерлерге хабар беру арқылы оқшауланып, толық сөндірілді.

— Өртті сөндіруге орман шаруашылықтарының қызметкерлері мен тахникалары және «Казавиаорманқорғау» РМКҚ тікұшағы мен әуе десантшылары жұмылдырылды. Орман өрттерінің алдын алу — әр азаматтың ортақ міндеті. Азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Бұған дейін кеше де еліміздің орман қоры аумағында бір күнде 3 орман өрті тіркелген болатын.