Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізде электрлі жүк көліктері шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда жүк көліктерін өндіру бағыты жөнінде мәлімдеді.

Елімізде электрлі жүк көліктері шығарылады
Фото: azernews.az

— Жүк техникасы өндірісі саласында бүгінде елімізде Scania және HOWO сияқты әлемдік брендтердің жүк көліктері шығарылады. Сонымен қатар саланы одан әрі дамыту бағытында жаңа жобалар да іске асырылып жатыр, — деді ол.

Атап айтқанда, биыл IV тоқсаннан бастап Hyundai Trans Auto кәсіпорнында жылына 500 VOLVO жүк көлігін шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Barys Truck Manufactory компаниясы XCMG-мен бірлесіп электр жүк көліктерін жобасын жүзеге асырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін автокөлік өндірісінде алдағы мақсаттар қандай екенін жазғанбыз.