Елімізде қауіпсіздік саласында жаңа лауазым пайда болады
АСТАНА. KAZINFORM – Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа лауазым пайда болатынын мәлімдеді.
– Жаңа лауазымды — Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын, — деді ол.
Президенттің сөзінше, Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң, ол Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсынысын енгізеді. Кейін Үкімет мүшелері, одан соң, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалады.
Сонымен қатар Президент Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын айтты.