Елімізде қызылша ауруының таралуы азайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты ма? Сонымен қатар, қызылша ауруын жұқтыру деректері қаншалықты азайды? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

- Жалпы елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып жатыр, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство ақпаратына қарағанда, биылғы наурыз айында қызылшаның 804 жағдайы тіркелді. Бұл ретте осы ауруды ең көп жұқтырудың осыған дейінгі кезеңімен (10339 жағдай) салыстырғанда, оған шалдығу көрсеткішінің 99 пайызға төмендеуі байқалды.
- Осы жылдың басынан 1 205 жағдай тіркелді, оның ішінде 75 пайызы вакцина егілмеген балалар есебінен болды, - деп аталып өткен ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратында.
Еске салсақ, Қазақстанда қызылшаның өршуі неден болғаны жайында былтыр жазған едік.
2024 жылдың басында Астанада ересектер арасында қызылша жұқтыру жағдайы жиіледі.
Айта кетейік, 2023 жылы елімізде қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүрді.