Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды

Жылу объектілерін жөндеу мерзімі алаңдаушылық туғызып отыр – Олжас Бектенов
Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.

«Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген», – деді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін алға тартып отыр. Ауырған 10 адамның төртеуі жан тапсыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта елімізде әр ай сайын 350-ден 400-ге дейін адам көкжөтелді жұқтырып жатқан көрінеді. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді екенін еске салды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыда көкжөтелмен ауырғандар көбейгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар