Елімізде қуаты 7 300 мегаватт электр желісі салынады – Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев елімізде электр желілерін жаңғырту барысы туралы айтты. 

электр желісі
Фото: Алматы әкімдігі

- Алдағы бес жыл ішінде елімізде шамамен қуаты 7 300 мегаватт электр желісі салынады және қолданыстағы электр желілерінің бір бөлігі жаңғыртылады. Ол үшін 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалып жатыр. Бұл бағытта Энергетика министрлігінің қаржыландыру тетігі бар, ұлттық жоба электр қуаты нарығы арқылы іске асырылады. Ал қаржыландыру нарық жағдайында жүргізіледі, яғни пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру үшін ешқандай субсидия қарастырылмаған, - деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске салайық, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға 6,8 трлн теңге инвестиция қажет. 

Айта кетейік, Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаевтың қатысуымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар