Елімізде МӘМС енгізілгеннен бастап 90%-дан астам адам сақтандырылған

АСТАНА.KAZINFORM - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тарихында алғаш рет ел азаматтарының 90%-дан астамы сақтандырылған мәртебеге ие болып, кең көлемді медициналық көмек пакетіне кепілдендірілген қолжетімділік алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

МӘМС пен Шипагер
Коллаж: Kazinform/Freepik

Бұл нәтиже Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған жүйелі өзгерістердің арқасында мүмкін болды.

2025 жылдың шілде айында Қазақстанда МӘМС жүйесіне бірқатар маңызды жаңашылдық енгізу туралы заң қабылданды. Қабылданған заң аясында осы жылдың қаңтарынан бастап жергіліктібюджет қаражаты есебінен МӘМС жүйесіарқылы дағдарыс және төтенше деңгейдегі (D және E санаттары) шамамен1 миллион адам қосымша қамтылды.

Бұл дегеніміз, табысы төмен тағы 5% Қазақстан азаматтары МӘМС арқылы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізді.

Алғаш рет тәжірибеде әкімдіктер дағдарыстық (D) және төтенше (E) деңгейдегі жұмыссыз азаматтардың МӘМС жүйесіне жарналарын төлейтінмеханизм енгізілді. Қиын өмірлік жағдайда қалған адамдар енді медициналық көмексіз қалмайды – бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 14 шілдесінде Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды.

2026 жылы МӘМС деректерін беретін мемлекеттік органдардың тізімі жаңартылады.

Соңғы жаңалықтар