Елімізде парниктік газдар шығарындылары 17%-ға қысқартылады

АСТАНА. KAZINFORM – Экология мәселесінде халықаралық ынтымақтастық назардан тыс қалмайды. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Елімізде парниктік газдар шығарындылары 17%-ға қысқартылады
Коллаж: Kazinform

– Жаһандық ынтымақтастық шеңберінде халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жалғасып жатыр. Қабылданған міндеттемелерге сәйкес, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, – деді ол.

Сондай-ақ Е. Нысанбаев парниктік газдар шығарындылары азайтылатынын атап өтті.

– Климаттың өзгеруіне жаһандық ден қою жөніндегі жаңартылған ұлттық үлес бекітілді. Оның аясында парниктік газдардың шығарындыларын 2035 жылға қарай 1990 жылғы деңгейден 17%-ға қысқарту көзделген, – деді министр.

Сонымен бірге ол Орталық Азияның экологиялық және климаттық
мәселелерін талқылау мақсатында БҰҰ-мен бірлесіп Өңірлік экологиялық саммитті өткізу жоспарланып отырғанын атап мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет отырысында жыл басынан елімізде қылмыс саны 8 пайызға азайды.

Соңғы жаңалықтар