Елімізде ведомстволық наградалардың бірыңғай стандарты және тізімі әзірленеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасы мәселесі жөніндегі комиссия отырысы өтті
Фото: Ақорда

Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады.

Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомстволық наградаларды қолдану және жетілдіру үшін атқарылып жатқан шаралар бойынша есеп берді. Сондай-ақ ведомстволық наградаларды оңтайландыру мен жүйелеудің жалпы тәсілдерін ұсынды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші ведомстволық наградалар саласындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін мемлекеттік наградалар алуға қатысты қойылатын талаптар күшейтілетінін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар