Елімізде волонтерлік тәжірибе еңбек өтіліне есептелуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтты.
Оның айтуынша, волонтерліктің Конституцияда бекітілуі — Қазақстанның бірегей тәжірибесі. Қазір министрлік волонтерлерді қолдау шараларын, оның ішінде оларды сақтандыру тетігін әзірлеп жатыр.
— Сондай-ақ волонтерлік тәжірибені жұмысқа орналасу кезінде еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесімен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл әсіресе студенттер үшін пайдалы болмақ, — деді Кочетов.
Осыған дейін елімізде волонтерлер саны 300 мыңнан асқанын жазған едік.