14:34, 15 Сәуір 2026 | GMT +5
Елімізде жыл басынан бері неше жұп некесін қидырған
АСТАНА. KAZINFORM — Статистика деректеріне сәйкес, елімізде бірінші тоқсанда 21 351 неке тіркелген, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстанда махаббат, адалдық және шынайы сезімдердің мерекесі — Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күні.
Статистика деректеріне сәйкес, елімізде бірінші тоқсанда 21 351 неке тіркелген.
Үйлену тойларының саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
- Алматы,
- Астана,
- Түркістан облысы,
- Шымкент
- және Қарағанды облысы.
Бұл көрсеткіштер уақыт пен жағдайға қарамастан, қазақстандықтардың махаббатқа сенуді жалғастырып жатқанын көрсетеді.
Осыдан бұрын Қазақстанда неке жүзігінің бағасы өскенін жазғанбыз.