Еліміздегі ақылы жолдардан 30 млрд теңгеден астам қаржы түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы еліміздегі ақылы 17 жолдан 30 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясынан мәлім етті.

ақылы жолдар
Фото: egemen.kz

«2023 жылы ақылы 17 жолдан жүргізушілер тарапынан 30 283 900 мың теңге ақша қаражаты түсті», - делінген компанияның агенттік сауалына берген жауабында.

Мекеме мәліметінше, аталған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және ағымдық жөндеу жұмыстарына, ақы алу жүйесін күтіп ұстауға, инвестицияларды қайтаруға, жол пайдалану техникасы мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

«Жылдық аудит есебі жүргізілгеннен кейін таза кіріс анықталады. Оның 80 пайызы республикалық бюджетке төленіп, қалған 20 пайызы жол саласын дамыту үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-та қалады», - деп нақтылайды компаниядан.

Соңғы жаңалықтар