Еліміздегі бірнеше өңірде екінші ауысым оқушылары онлайн сабаққа көшеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.

дистанционка, отмена занятий
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Көкшетау қаласында 1–9 сынып оқушылары екінші ауысымда онлайн сабаққа көшті. Қарағанды қаласында да екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.

Павлодар облысында екінші ауысымның 0–9 сынып оқушылары Ақсу, Екібастұз, Ақтоғай, Баянауыл, Ақкөл, Май, Павлодар, Успен, Тереңкөл, Шарбақты, Ертіс және Железин аудандарында қашықтықтан білім алады. Павлодар қаласында онлайн сабақтар екінші ауысымның 5–8 сыныптары үшін ұйымдастырылды. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық мектептерде оқушыларды тасымалдау қызметі тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда бірінші ауысымдағы 0–11 сынып оқушылары мен 1–2 курс студенттері онлайн сабақ өткізді. Үкімет бұл шараларды ауа райының қолайсыздығы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдағанын хабарлады.

Бұған дейін 11 наурызда Астанадағы колледждердің бірінші және екінші курс студенттері мен екінші ауысым оқушылары онлайн сабаққа көшетіні хабарланған.