Еліміздегі жеңіл автокөліктердің 40%-дан астамы әбден ескірген – ресми статистика

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандағы жеңіл машиналардың басым бөлігі 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған. Бұл жөнінде «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ президенті Анар Мақашева Астанада өткен баспасөз конференциясында айтты.

погода, выпал снег, парковка, автомобили, ауа райы, қар, көлік, дорога, пробки
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ол 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша статистиканы келтірді.

Ресми дерекке сенсек, Қазақстанда 5,9 млн жеңіл көлік тіркелген. Соның 41,5%-ы, яғни 2,44 миллионы кемінде 20 жыл бұрын шыққан. Ал 1 425 231 көлік (24,2%) 10-20 жыл бұрын, 606 589 көлік (10,3%) 7-10 жыл бұрын, 1 014 059 көлік (17,2%) 3-7 жыл бұрын, 399 475 көлік (6,8%) соңғы 3 жыл ішінде өндірілген.

– Байқасаңыз, еліміздегі автокөліктердің ішінде 1-7 жыл шыққандары едәуір көп. Бұл отандастарымыз соңғы бірнеше жылда жаңа көлік мінуге ұмтылғанын білдіреді. Алайда жеңіл көліктердің 41,5%-ы 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған. Бұл көңіл көншітерлік жағдай емес. Сондықтан біздің басты мақсаттарымыздың бірі – қазақстандық автокөлік паркін бірте-бірте жаңарту, – деді А. Мақашева.

Айта кетейік, бұған дейін биыл елімізде 209 мың автокөлік жасалатынын жазғанбыз.

 

көлік статистикасы
Фото: «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум