Еліміздің 17 өңірінің тұрғындарына ескерту жасалды — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2 маусымда ауа райына байланысты қазақстандықтарға ескерту жариялады. Еліміздің 17 облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Түркістан облысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Солтүстік-шығыс бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, қалған аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ақтөбеде де жаңбыр, найзағай және тұман болжанған.

Алматы облысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін ысиды. Облыстың солтүстігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Іле Алатауының таулы аймақтарында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі, облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз солтүстік және шығыс аудандарда да жаңбыр мен найзағай болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Қала аумағында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Жезқазған қаласында да түнде және таңертең тұман түсуі болжанып отыр.

Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Атырау қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз солтүстік-батыс бағытқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болжанады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Оңтүстігінде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз солтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең батысы мен шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік пен шығыста кейін батыс бағытқа ауысады, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр мен найзағай сақталады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, түнде солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Жетісу облысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Бірқатар аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр мен найзағай болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Осыдан бұрын ШҚО-да маусым айында аптап ыстық болып, кейде нөсер жаңбыр жауатынын жаздық.