Еліміздің барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады — Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер ел аумағы бойынша 7 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен, Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр құйып, бұршақ жауып, дауыл болады деп болжанған. Тек ҚР шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Сондай-ақ мұндай болжам Жамбыл облысының солтүстігіне, батысына, шығысына, орталығына, Алматы облысының солтүстігіне, орталығына және Жетісу облысының батысына, солтүстігіне, орталығына да жасалған.
Жоғары өрт қаупі Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында да күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды.