Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 25 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Астана әкімдігі

Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) түседі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, солтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын күтіледі. Күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстікте найзағай болады. Солтүстік, батыс және таулы аудандарда тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы, солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 23-28 м/с болады. Шымкент қаласында түнде және кешке жаңбыр жауады, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында түнде жаңбыр жауып, күннің екінші жартысында жаңбыр жаууы мүмкін. Кейбір уақыттарда тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік және таулы аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с болады. Алматы қаласында тұман мен көктайғақ байқалуы мүмкін. Қонаев қаласында 25 ақпанда тұман мен көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан соғып, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с жетеді. Жезқазған қаласында жел солтүстік-шығыстан және шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кейде 23 м/с болады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың орталығы мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз орталық пен шығыс аймақтарда екпіні 25 м/с жетеді. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, қар, көктайғақ және бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыс пен солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 25 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік және орталық аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с болады. Семей қаласында 25 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман болады. Өскемен қаласында 25 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, шығысы және таулы аудандарында көктайғақ болады. Кейде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Тараз қаласында кейде тұман мен көктайғақ байқалады.

Еске сала кетейік, күн райына байланысты бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқитынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум