Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің орман қорында бір тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 25 шілдеде Республика бойынша орман қоры жерінде 3 өрт тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

Еліміздің орман қорында бір тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

— Бурабай ұлттық паркінде 2 өрт тіркеліп, «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылып, орманшылар мен «Казавиаорманқорғау» әуе десантшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында оқшаулау жұмысы жеделдетілді, — делінген хабарламада.

«Семей орманы» резерватында найзағай әсерінен орын алған аз аумақты қамтитын өрт ошағы қысқа мерзімде толық сөндірілді.

— Өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігің қатаң сақтауға шақырамыз, — деп ескертті министрліктен.

Бұған дейін Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелгенін жазған едік.