Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қалай
АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

14 сәуір күнгі жағдай келесідей:
Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 40 текше метр, Сілеті су қоймасынан 41,7 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 7,5 текше метр су жіберіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 415 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 510 текше метр су жіберіліп жатыр.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2567 текше метр су жіберіліп жатыр.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберіліп жатыр.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 36,43 текше метр су жіберіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 843,4текше метр, Петропавл су қоймасынан 1436,2 текше метр су жіберіліп жатыр.
Айта кетелік Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады.