Еліміздің тағы екі өңірінде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
2026 жылғы 10 наурыз сағат 03:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысы:
- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 534-593-шақырым аралығы (Айша бибі ауылы — Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы:
- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы — Машат ауылы).
Жолды 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылғанын жаздық.