Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің түрмелеріндегі сотталғандардың қаншасы жұмыспен қамтылған

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ресми сауалымызға жолдаған жауабында еліміздің абақтыларындағы сотталғандардың қаншасы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Колонияда спорттық киімдер тігілп жатыр
Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті

– Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бүгінгі таңда 30 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 2 мыңнан астамы – әйелдер, шамамен 70-і – кәмелетке толмағандар, – делінген жауапта.

Сонымен қатар, ведомство әр адамның еңбек етуге, қызмет түрі мен кәсібін еркін таңдауға құқығы бар екенін атап өтті.

– Сотталғандарды жұмысқа орналастыру сотталған адамның ресми өтініш беруі негізінде еңбек шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта шамамен 21 мың адам ресми түрде жұмысқа орналасқан, бұл көрсеткіш жалпы сотталғандар санының 65%-ынан асады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қызылордалық түрмедегі танысына есірткі алып өтпек болғанын жазғанбыз.