Еліміздің үш қаласында пилотсыз такси іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM – Жүргізушісіз такси ілкі жобасын жүзеге асыруға дайындық жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның сөзінше, жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп атқарылады.
— Қазір қажетті реттеуші базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол алдағы уақытта технологияны елдің өзге қалаларына енгізуге мүмкіндік береді, — деді Жаслан Мәдиев.
Ілкі жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске асырылатыны белгілі.
Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін Алатауда аэротакси қашан қолданысқа берілетінін жазғанбыз.