Еліміздің үш облысында күн райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында  ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

12 қаңтар сағат 15:30–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Павлодар облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы);

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Қарағанды облысының шекарасы);

— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Атамекен ауылы).

Қарағанды облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы — Павлодар облысының шекарасы);

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы).

Ақмола облысы:

— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.

12 қаңтар сағат 15:30–да келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды:

Павлодар облысы:

— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 427-587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы — Абай облысы шекарасы).

Абай облысы:

— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы).

Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Бұдан бұрын дүйсенбі күні елдің барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар