Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елорда әкімдігінде жедел операцияға мұқтаж 10 баланың ата-анасына арнайы сертификат тапсырылды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астана әкімдігінде жедел операцияға мұқтаж 10 мүмкіндігі шектеулі балаға ақшалай сертификаттар табысталды.

Елорда әкімдігінде жедел операцияға мұқтаж 10 баланың ата-анасына арнайы сертификат тапсырылды

Әкімдік қаражатты Астана күні мерекесіне орайластырылған іс-шаралардан және жаңа жылдық қайырымдылық кештерден жинаған.

Сертификаттарды қала әкімінің атынан оның орынбасары Аида Балаева табыс етті. Онда әр науқастың диагнозына қарай қажетті сома көрсетілген. Енді олардың кез келген жерден ем алуына мүмкіндігі бар.

«Қайырымдылық шарасы дәстүрлі түрде қатарынан 4 жыл ұйымдастырылып келеді. Осы жылдар ішінде 50 млн. теңге қаржы жиналып, 60-тан астам балаға көмек көрсетілді», - дейді А. Балаева.

Аталмыш сертификаттар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Астана қаласы әкімдігінің сыйы. Алайда осы қаражат елордада тұрып жатқан 1700 мүмкіндігі шектеулі жанға аздық етіп тұрған көрінеді.