Елорда маңындағы Бозоқ қалашығының орналасқан жері келешекте ашық аспан астындағы мұражайға айналады

АНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» ХДП-ның елордалық филиалы Астана қаласының баға жетпес тарихи мұрасы саналатын Бозоқ қалашығының тұрған жерін сақтап, оны келешекте «Бозоқ мұражай-қорығына» айналдыру мәселесін шешуді өз жауапкершілігіне алды,
None
None

 деп хабарлайды қазАқпарат.

Қазір Астана мен бұрынғы Ақмоланың тарихы туралы айтылғанда, осы аймақта ІХ-ХVІІ ғасырларда ірге тепкен Бозоқ қалашығы жайында атап өтілмей қоймайды. Қалашыққа қатысты алғашқы археологиялық зерттеулер елорданың тарихымен байланысты. 1998 жылы Елбасы Астана қаласы орналасқан мекеннің түпкі тарихын зерттеу туралы тапсырма берді. Дәл осы жылы тарихи-мұрағатты құжаттарға сүйене отырып, елорданың солтүстік-шығысындағы Қараөткел (Ильинка) елді мекенінің жанынан Бұзық өзені, оның маңынан қыпшақтардың ежелгі Бұзық қалашығы табылады. Алғашқы археологиялық жұмыстарды танымал археолог Кемел Ақышев жүргізді. 2003 жылдан бастап Бұзық қалашығы Елбасының тілегімен - Бозоқ аталатын болды.

Қазір бұл тарихи орынға тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың білдіріп отырған қызығушылығы жоғары. Сондықтан археологиялық қазынаны сақтап қана қоймай, туристер үшін тартымды етіп, оны бастапқы күйінде қайта қалпына келтіру мәселесі көтеріліп отыр.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің К. Ақышев атындағы Археологиялық ҒЗИ-дың директоры Марал Қалымжанованың айтуынша, Астана қаласының тарихи маңызды, әрі көрнекі орындарының тізіміне енгізілген Бозоқ қалашығына арнайы мәртебе берілмеген және оны жекеменшік үйлерді салып жатқан құрылысшылардың, аңшылар мен өзен жағасына келіп демалушылардың немқұрайдық әрекеттерінен қорғау мәселесінің шешімін таппай келе жатқанына осымен 5 жыл болған.

 «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев бастаған, партия өкілдерінен, «Жас Отан» жастар қанаты мен Еуразия Ұлттық университетінің студенттерінен құралған жұмысшы топ  бүгін, Бозоқ қалашығын қоқыстан тазарту және маңызы жоқ қазба орындарды қайта көму жұмыстарын жүргізді. Іс-шара «Киелі мұрамызға тағзым» атты республикалық акцияның шеңберінде өткізілді.

 П.Казанцевтің айтуынша, шара біржолғы емес және жұмысшы топ аталмыш аймаққа ұдайы барып тұратын болады. Сондай-ақ ол, қалашықты сақтап қалу және оны келешекте ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру мәселелерін шешуді өз жауапкершілігіне алатынын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар