Елорда прокуратурасы 4 инвестордың құқығын қорғады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық уәкілетті мемлекеттік орган төрт инвесторға жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқан.

Заң
Фото: Kazinform

Бас тартулар ақпараттық жүйелердегі техникалық проблемаларға («электрондық үкімет» шлюзі, Egov.kz веб-порталы және Астана қаласының геоақпараттық орталығы) негізделген, соның салдарынан іргелес жер пайдаланушылардың учаскелері бір-бірінің үстіне қойылған.

Нәтижесінде инвесторлар ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру үшін жер учаскелерін ала алмаған.

- Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторлардың проблемалық мәселесі шешіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар «халал» стандарттары бойынша жартылай фабрикаттар өндіру цехын салу, мұнай өнімдері қоймасын салу және пайдалану, өндірістік-қойма кешенін пайдалану және газоблок өндірісі бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыруға ықпал етті.

Бұл жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 4,1 млрд теңгені құрайды, оларды іске асыру 240-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - деп жазды бақылаушы органнан.

Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.

Соңғы жаңалықтар