Елорда сайлаушылары өз учаскелерін онлайн режимде таба алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Астана қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
None
None

Елорда тұрғындары өз сайлау учаскелерін білу үшін Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының қызметін, e.astana.kz және Astana.gov.kz веб-сайттарын пайдалана алады, сондай-ақ, тиісті ақпаратты ақпараттық дүңгіршектерден де алуға болады.

Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының телефоны: 55-66-55. Өз сайлау учаскеңізді ЖСН-ді теріп, автоматты режимде немесе жұмыс күндері сағат 8:30-20:00, ал демалыс және мереке күндері сағат 9:00-20:00 операторлардан біле аласыздар.

Сондай-ақ, сайлау учаскесі туралы ақпаратты e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер веб-порталында «Сайлау учаскесін іздеу» бөлімінен немесе astana.gov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

Адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда орнатылған ақпараттық дүңгіршектердегі «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінен ауданыңыздағы сайлау орындары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Сайлау учаскесі туралы ақпаратты алудың тағы да бір жолы - 1414 номеріне [код сөз] бос орын [азаматтың ЖСН] мәтінін теріп, SMS-хабарлама жолдау. Ақпаратты мемлекеттік тілде алу үшін "Сайлау" немесе "Saylau" сөзін теріп, бос орыннан кейін ЖСН номерін жазу керек. Ақпаратты орыс тілінде алу үшін "Выборы" немесе "Vibory" сөзін теріп, бос орыннан кейін ЖСН номерін жазу керек.

Аталған қызмет sailau@astana.kz мекен жайына [азаматтың ЖСН номері] мәтінімен хабарлама жіберу арқылы да көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар