10:02, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Елорда тұрғынына белгісіз ұнтақ салынған конверт келді
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат – Елорда тұрғынына АҚШ-тан ішіне белгісіз ұнтақ салынған конверт келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазпошта» акционерлік қоғамының тасымалдау және пошта бөлімі директорының орынбасары С.Олейник мырзаның хабарлауынша, кеше, наурыздың 4-і күні келіп түскен хат-хабарларды өңдеу кезінде ішіне белгісіз ұнтақ салынған конверт анықталған. АҚШ-тан жөнелтілген хат Dmitry Khrapugin, Microdistrit House 17, Flat ? 47 Astana, C010000 Kazakhstan деген адреске жіберілген. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерлері «сәлемхатты» зерттеу үшін өздерімен бірге алып кетті.