Елорда үлескерлері белсенділігінің арқасында даулы құрылыс қайта жанданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Алданған үлескерлердің күрделі нысандарының құрылысын аяқтау тетіктерінің бірі» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Елорда үлескерлері белсенділігінің арқасында даулы құрылыс қайта жанданды

«EXPO-2017» көрме павильонының басты қақпасынан небәрі 100 метр қашықтықта орналасқан «Expo Town» тұрғын үй кешеніне «Азбука Жилья»-ның құрылысы тоқтаған нысандарының біріне айналу қаупі төнді. Бірақ үлескерлердің мемлекеттік мекемелермен бірлесе жұмыс істеуі арқасында жағдай оң шешім тауып, құрылыс қайтадан жалғасты.
Мәселені дұрыс шешіп, салынған ақшаны қайтару үшін үлескерлер Астана қ. әкімдігіне хабарласты. Мекеме аралық комиссия төрағасы, әкімнің бірінші орынбасары Хорошун С.М. мынандай жолмен әрекет етуді ұсынды: үлескерлерден тұрғын үй-құрылыс кооперативін (ТҮҚК) құру, бұдан соң ТҮҚК прокуратураға құрылысы бітпеген нысанды үлескерлер пайдасына өндіріп алу туралы сотқа талап арыз береді, ары қарай құрылысты аяқтау үшін инвестицияны өз беттерімен іздейді. Осылайша «Экспо Таун Успех» ТҮҚК құрылып, ауыр міндетін бастады.
Көптеген сот дауынан кейін Астана қаласы прокурорының талабы бойынша 2016 жылдың 4-ақпаны күні нысанды рұқсат құжаттары және орындау құжаттарымен бірге ТҮҚК пайдасына беру туралы шешім қабылданды, бұдан соң 2016 жылы тамыздың 3-і күні Жоғарғы сот жер телімдерін құрылысты аяқтау үшін өздеріне берді, делінген ТҮҚК хабарламасында.
Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі арқасында, әкімдік ұсынған жағдайды шешу алгоритмі мен мемлекеттік мекемелермен бірлескен жұмыс нәтижесінде «ExpoTown» ТК күрделі құрылысы Қазақстанның қиын жағдайға тап болған мыңдаған үлескерлеріне үлгі болып, қиындықтан шығатын жол бар екенін дәлелдеді. Аталған жағдай атқарушы билік пен алданған үлескерлердің тіл табысу мүмкіндігі бар екенін ғана емес, ынтымақтастықтың тиімділігін де көрсетті.
«Астана қаласының прокуратурасы тұрақты түрде азаматтардың конститутциялық құқын қорғайды, оның ішінде тұрғын үй құрылысына ақша салған азаматтар да бар», - деп мәлімдеді Астана қалалық прокуратурасының мемлекеттік мекемелер іс-әрекетінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма прокуроры Динара Тыныштығұлова баспасөз мәслихаты кезінде.
«ExpoTown» құрылысы тарихында жаңа кезеңді бастаған үлескерлер тұрғын үй кешеніне «Вена кварталы» деген жаңа атау беріп, бос жер телімінде құрылысты жаңдандырды. Бірнеше айға созылған белсенді жұмыс негізінде нысанның бірнеше секциясында жертөле қабаты, бірінші, екінші және үшінші қабаттар көтерілді.
«Вена кварталының» тарихы ерекше, себебі үлескерлердің өзі құрылыстың тапсырыс берушісі саналады. ТҮҚК төрайымы О. Лигай атап айтқандай: «Біздің әдістің бірегейлігі сонда құрылысқа басқа үй салушыларды тартпай, өз күшімізбен салып жатырмыз. Яғни, біз жұмысты бақылап, материал таңдап алып, үйіміздің құрылысына жан-тәнімізді салып еңбек сіңіріп жатырмыз, соның арқасында құрылыс сапасы мүлдем басқа болмақ және «ӨЗІМІЗ ҮШІН САЛЫНҒАН» деген белгі тұрады».