21:50, 04 Қыркүйек 2024 | GMT +5
«Елорда жастары» баспана бағдарламасына өтінім қабылдана бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының тұрғын үй қоры «Елорда жастары» жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында өтінім қабылдауды бастады.
Өтінімді birge.astana.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады.
Құжат қабылдау 4 қыркүйек таңғы 9:00-де басталып, 10 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін созылады.
Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама бойынша банк беретін ипотека саны — 75.
Осы мәселе бойынша мына желілерге жүгіне аласыз:
- Астана қаласының тұрғын үй орталығы: Республика даңғылы, 32.
- 109 (ұялы телефон үшін) — iKomek
- 300 (ұялы телефон үшін) — «Отбасы банк» АҚ.
Бағдарлама талаптары жайлы мына сілтемеден біле аласыз.