Елордада «100 мектеп және 100 балабақша» жобасы аясында бөлінген қаражатты ұрлаған азаматтар қамауға алынды

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанада балабақша және мектеп құрылысы бойынша жалған құжаттарды енгізу арқылы бюджет қаражатын ұрлаған азаматтар қамауға алынды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, елордадағы балабақша мен тұрғын үй құрылысы кезінде атқарылған жұмыстардың құнына қатысты жалған актілерді ұсыну арқылы 67 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлаған «Билдмаркет-НС» ЖШС бұрынғы директоры және  осы жолмен Есілдің сол жағалауындағы мектеп құрылысына бөлінген 501 млн.теңгені талан-таражға салған «Дронго-А» ЖШС директорының ісі әшкереленді.  Қазіргі кезде аталған екі қылмыстық іс бойынша қамауға алу жөніндегі сот шешімі шығарылып отыр.

Соңғы жаңалықтар