Елордада 12 адам иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада иіс тиіп уланған 12 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға Есіл ауданына қарасты жаңа Ильинка ауылында орын алған. «Қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған 8 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ кеше «Полянка» саяжайында тұратын 4 адам иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар