Елордада 70 гектардан астам аумақты қамтитын экопарк құрылады
Экопарк жобасы Кіші Талдыкөлде су балансын сақтай отырып құрылмақ.
«Қазір жобаның ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмысына мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Айта кету керек, бұл аумақта экопарк салу қала тұрғындары мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына демалуға және табиғат аясында серуендеуге мүмкіндік береді...
Саябақтың дизайны мен оның элементтеріне ерекше мән беріледі. Қоршаған ортаға зияны тимейтін табиғи материалдар пайдаланылады, ал бұл экоурбанизмге сәйкес келеді.
Абаттандыру барысында табиғи жағдайларға, ойын алаңдарына және табиғи материалдардан жасалған шағын сәулет нысандарына көңіл бөлінеді. 12 мыңнан астам ірі ағаш пен жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Сол сияқты аумақты көгалдандыруға да ерекше назар аударылатын болады», - делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, Кіші Талдыкөлдің іргелес аумағы да игеріледі. Онда әлеуметтік нысандар салынады: мектептер, медицина орталығы, тұрғын үйлер, балабақша және тағы да басқа нысандар.
Ал Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар елдегі алғашқы табиғи парк ашылады.
Фото: gov.kz