Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр

Қойылымдарды Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Астанадағы шетелдік елшіліктердің өкілдері, шығармашылық қызметкерлер, қалалық театрлардың актерлері, тәжірибелі ағылшын тілінің мұғалімдері, Астанада жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдерден құрылған қазылар алқасы бағалайтын болады.
Фестивальдің мақсаты - балалар мен оқушылар арасында театр өнерін дамыту және насихаттау, сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Фестиваль Астанада бесінші рет өткізіліп отыр, оған қаладағы 20-дан астам мектеп пен 9 балабақша қатысып отыр. Балалар 4 жас санаты бойынша бақ сынасатын болады: 5-7 жас аралығындағы балалар, 7-10 жастағы мектеп оқушылары, 11-14 жастағы және 15-18 жастағы балалар.
Ұйымдастырушылар осындай сайыстар балалардың шығармашылық дағдыларын арттырып, ағылшын тілін жетік меңгеруге көмектеседі деп есептейді.