Елордада әскери шеру өтеді

Қазірдің өзінде Қорғаныс министрлігінде осы шараға дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осыған орай бүгін Министрдің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы армия генералы Мұхтар Алтынбаев министрліктегі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кеңес өткізді.
Басқосуда әскери шеруге әзірлік мәселелері талқыланды. Онда шараға қатысатын жеке құрамның саны анықталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен, Қорғаныс министрлігі осы шараға 13 біріккен расчетті жасақтауды жоспарлап отыр. Әскери шеруді Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының ротасы бастайтын болады.
Сондай-ақ Орталық аппараттан, әскер түрлері мен тектерінен және өңірлік қолбасшылықтардан жасақталған шеру тартушыларды басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың расчеттері толықтыратын болады.
Әскери шеруде жалпы саны 118 қазіргі қолданыстағы қару-жарақ пен әскери техникалар түрлерін көрсету жоспарланған. Авиациялық техникалардың әуе шеруіне 40 әскери ұшақ мен тікұшақ қатысатын болады.