Елордада «Астана - арманым, Маңғыстауым - мәңгі әнім!» атты гала-концерт болады

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 10 қарашада Астанада Конгресс- холлда Маңғыстау облысы өнер шеберлерінің қатысуымен «Астана - арманым, Маңғыстауым - мәңгі әнім!» атты гала-концерт өтеді.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

Сахнада өңірдің үздік шығармашылық ұжымдары мен еңбек сіңірген өнер қайраткерлері өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаға М. Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы, Абай атындағы мәдениет және дамылыс үйінің «Жорға», «Молодость», «Әуен», «Ертегілер» сынды шығармашылық ұжымдары, «Мирас» ерлер хоры енген. Сонымен қатар, концертке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Роза Айдарбаева, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айгүл Қосанова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жоламан Көшкенов, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Тамара Асар, Қазақстан Республикасының өнер шеберлері Асқар Көшеров және Ақмарал Ерімбетова, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық вокалдық байқаудың жеңімпаздары Асанәлі Көшеров және т.б. қатысады. Жалпы алғанда, концертте 200 жуық әртіс өнер көрсетеді.

Бұдан басқа, сағат 15.00-де Конгресс - холлда Маңғыстау өлкесінің қолданбалы өнер тақырыптық көрмесі ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының өнер шеберлерінің гала-концерті сағат 17.00 басталады. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар