01:03, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Елордада «Астана Бал -2015» кеші өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Назарбаев Университетінде биыл екінші рет жыл сайын ұйымдастырылатын «Астана Бал - 2015» би кеші өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара халықаралық бірлікті насихаттауға арналған. Кештің мақсаты - жас ұрпақтың классикалық музыкаға қызығушылығын арттыру және жастар арасында мәдени демалыс пен көңіл көтеруді ұйымдастыру. Биылғы «Астана балы» «Swing» (джаз музыкасы) стилінде өтті.