Елордада Астана, Көкшетау және Павлодар мектептері оқушыларының арасында пікірсайыс турнирі өтті

ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана, Көкшетау және Павлодар мектептері оқушыларының арасында елдегі бүгінгі күнгі өзекті тақырыптарға арналған пікірсайыс өтті.
None
None

Бұл туралы Астана қаласының Балалар құқығын қорғау департаментінен мәлім етті. Астанада оқушылар арасында өткен Күзгі өңірлік пікірсайыс турнирі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Балалардың дүниежүзілік күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар - Астана қаласының Балалар құқығын қорғау департаменті және Білім басқармасы.

Пікірсайысқа Астана, Көкшетау және Павлодар қалаларының оқушыларынан құралған барлығы 50 команда қатысты. Олар үш тақырып айналасында пікір алмасып, нақты ұсыныстарын жасады. Мәселен мемлекеттік тілді дамыту мен ауылды гүлдендірудің жаңа бағдарламаларын жасап шығаруға сондай-ақ, Қазақстанда үштұғырлы тіл саясаты өз тиімділігін растағандығын дәлелдеуге тырысты. Турнирдің мақсаты - қазақстандық және әлемдік қауымдастықтағы бүгінгі проблемаларға талдау жасау және бұқаралық талқылау арқылы оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, Астанада оқушылардың пікірсайыс қозғалысын дамыту және балалардың бастамаларына қолдау білдіру.

Турнир соңында жеңімпаздарға, жүлдегерлерге сондай-ақ, «Үздік спикер», «Үздік судья» атақтарына ие болғандарға елордалық Балалар құқықтарын қорғау департаменттің дипломдары және үкіметтік емес ұйымдардың арнайы сыйлықтары тапсырылды.

Шараны өткізуге қолдау көрсеткендер - «KZ» қоғамдық қоры, «Жігер» ұлттық веб-порталы демеушілерінің қоғамдық бірлестігі», «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ, «Жас Отан» Жастар қанаты» ҚБ.

Соңғы жаңалықтар