Елордада әйелді зорлықшыдан құтқарған тұрғын итімен бірге марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер зорлықшыны ұстауға көмектескен тұрғынды марапаттады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Сарыарқа аудандық полиция басқармасы ауыр қылмыс жасауға әрекеттенген күдіктілерді ұстауға көмектескені үшін Сергей Горбунов пен оның итін марапаттады. Оларға алғыс хат пен итке арналған азық берілді.


Айта кетейік, 11 тамыз күні елорда тұрғыны Сергей Горбунов маламут тұқымды итімен серуендеп жүргенде, әйелді зорлауға әрекеттенген күдіктілерді байқап, полиция шақырған және ұстауға көмектескен.


Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Өз кезегінде Сергей Горбунов итінің басқыншы еместігін, қаппайтынын айтты. Дэня есімді ит қожайынымен бірге қылмыскерлерді қуған.

«Дэня екеуміз үйдің жанында серуендеп жүргенде, Алтынемел көшесінде бұта арасынан көмек сұраған әйел жүгіріп шықты. Ол екі ер адамның зорлауға әрекеттенгенін айтты. Мен полицияға хабарласқанда, зорлықшылардың біреуі қаша жөнелді. Менен де басқа жас балалар бірігіп, бәріміз қашқынның соңынан қудық. Менің итім төбелеске, аңшылыққа арналмаған, жүріске арналған. Күшік кезінде алып едік, 5 жыл бойы біргеміз. Ол өзіне берілген «Алға, жүгір» деген командаларды мүлтіксіз орындады», - деп түсіндірді С. Горбунов.

Күдіктілердің бірі таксиге мінейін деп жатқанда, С. Горбунов пен Дэня оны ұстап қалған және тәртіп сақшыларын шақырып, қылмыскерді табыстаған.

Соңғы жаңалықтар
telegram