Елордада балаларды қорғау жөнінде тегін кеңес берілуде

Бірі - Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы болса, екіншісі - жаңа Оқушылар сарайы. Шаттыққа бөленген балғындар әзірге ойынның қызығына түсіп, байқаулар мен көңілді ойындарға қатысып жатқан кезде олардың ата-аналары балаларды қорғау мәселелері жөнінде тегін кеңес алу мүмкіндігі бар. Аstana.kz сайтына Білім басқармасынан мәлім еткеніндей, кеңес беруді қаланың үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асыруда.
«Іс-шараға қатысу үшін Астананың отбасылық тәрбие институты, Дағдарыс орталығы одағы, Қалалық балалар құқығын қорғау департаменті мен басқа да ұйымдар шақырылған. Олар жаңа Оқушылар сарайында 11.00 алты-жеті үстел басында балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша кеңес беріп, ақпараттық буклеттер мен парақшалар үлестіреді», - деп хабарлайды басқармадан.
Тәжірибе көрсеткендей, біздің қаламыздың тұрғындарына осы сынды кеңестерді өткізіп отыру қажет-ақ. Балалардың құқығын қорғау департаментінің сенім телефонына айына 15 қоңырау келіп түседі.
«Балабақша, мектеп сынды білім беру орындарында балалардың құқығы бұзылған жағдайда ата-аналар жиі шағымданады. Ата- аналардан ақша жинауға қатысты шағымдар да көп түседі. Сонымен қатар, баланы қамқорлыққа алу, ата- аналары ажырасқан жағдайда баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау жөніндегі сұрақтар бойынша хабарласады», - деп мәлім етті astana.kz сайтына департаменттен.