Елордада Баршын көшесінде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Баршын көшесінің Н. Тлендиев даңғылынан С. Мұқанов көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, биылғы жылдың 1 мен 10 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл салынатын және жөндеу жүргізілетін көшелер туралы айтты.