Елордада бір үйдің жалғыз баласын тепкі астына алып өлтірген үш жеткіншекке сот қатаң үкім шығарды

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордада бір үйдің жалғыз баласын тепкі астына алып өлтірген үш жеткіншек ұзақ мерзімге сотталды.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында Астана қалалық Ішкі істер департементі Тергеу басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, былтыр мамырдың 5-і күні Астанада бір үйдің жалғыз баласы, 1993 жылғы оқушының мәйіті Жеңіс даңғылындағы үйлердің арасынан табылды. Оның бас сүйегіне келтірілген зақымнан көз жұмғандығы кейіннен анықталады. Бұл оқиға іс қала Әкімдігі мен Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған болатын.

Көп кешікпей, куәгерлердің түсініктемелері бойынша жасалған фотороботтың арқасында, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған Ештанов, Кәрімов және Әбішев ұсталды. Олар тонаушылық жасау ойымен жәбірленушіні соққыға жыққан.

«Сот оларға қатысты қатаң үкім шығарды. Сот шешімімен Ештанов 11 жылға, Кәрімов 7 жылға және Әбішев 9 жылға сотталды», дейді Ғ. Шыныбеков.

Соңғы жаңалықтар