Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада он автобус бағдарының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Елордада бінеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

№ 75, № 64, № 80, № 120А, 306, 310, 311, 319, 326, 328 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. 

«City Transportation Systems» ЖШС «Еуразия» СО аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ екенін хабарлады. Осыған байланысты № 4,4А,14,20,24,24Н,40,44,61,71,503 бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамада уақытша отырғызып/түсірмейді.

Еске сала кетейік, Астанада Нұрғиса Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі аралығындағы жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 22-26 шілде аралығында аталған көлік қозғалысы ішінара шектеледі.