Елордада бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Астанада ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді,

Елордада бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Онда 2012 жылға дейінгі халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысатын командалар жасақталады.

Чемпионат қаңтардың 15-інен 20-сы аралығында өтеді. Ашылу салтанаты қаңтардың 16-сында болады.