Елордада Дельфий ойындарының бағдарламасы бойынша «Шаттық-2011» V конкурсының гала-концерті өтті

АНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордадағы Конгресс-холл сарайында Дельфий ойындарының бағдарламасы бойынша «Шаттық-2011» V конкурсының гала-концерті өтті.

Елордада Дельфий ойындарының бағдарламасы бойынша «Шаттық-2011» V конкурсының гала-концерті өтті

Гала-концерт барысында алтын жүлделердің жеңімпаздары мен ұстаздар марапатталды. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізіліп отырған байқауда 82 оқу ұйымдарының шығармашылық ұжымдары сайысқа түсті. Олар - 6 мыңнан астам талантты балалар.

Дәстүр бойынша балғын конкурсанттар конкурс барысында жеті - хор, вокал, хореография, аспаптық, бейнелеу өнері, фотосурет және мәнерлеп оқу жанрларында өз өнерлерін көрсетті.

13 аталым бойынша бас-аяғы 30 алтын, 30 күміс, 30 қола медаль сарапқа салынды.

Салтанатты рәсімде сөз алған Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендинаның айтуынша, «Шаттық» өнерлі балаларды анықтап қана қоймай, дарынды шығармашыл бүлдіршіндерге қолдау көрсетумен қатар, Астананың елдің мәдени орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға жәрдемдесетін болады.