Елордада донорлар мұқтаж жандарды емдеу үшін тегін қан тапсырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Қан - өмір өзені, донор - денсаулық көзі» акциясы аясында донорлар қазақстандықтарды емдеу үшін тегін қан тапсырады.

Елордада донорлар мұқтаж жандарды емдеу үшін тегін қан тапсырады

Бұл туралы astana.kz сайтына Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдан хабарлады.

«Қан - өмір өзені, донор - денсаулық көзі» акциясы аясында тегін қан тапсыруға Ауған соғысының ардагерлері және госпитальдің медицина қызметкерлері қатысады.

Еске салайық, іс-шара бүгін сағат 10.00 Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальда, Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 28 мекенжайы бойынша өтеді.