Елордада «Электрондық партия» жобасының таныстырылымы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таныстырылып отырған «Электрондық партия» жобасы «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалында жүзеге асырылып жатыр. Бұл ілкі жоба біздің бастамамен іске асырылуда және бүгінгі жиын барысында оның тиімділігі қарастырылатын болады»,- деді «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұхтар Еркетаев.
Осы жоба Интернет технологиялар арқылы қажет кеңестерді өткізуге, Орталық аппарат пен аймақтық филиалдардың белсенді түрде бірігіп қызмет атқаруға, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық-талдамалық базаны қалыптастыруда, құжат айналымының орындалуының ашықтығы тұрғысында тиімді болмақ.
Аталған «Электрондық партия» ілкі жобасының жұмысы таныстыруға «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.