Елордада есірткінің ірі партиясы тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана полицейлері техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінен есірткі сатуға бекінген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 6 келі гашишті жасырып ұстаған 37 жастағы азаматтың ұсталғанын хабарлады.

«37 жастағы ер адам жұмыс орнында ұсталды. Күдіктіден өсімдік күйіндегі есірткі заты бар 7 полиэтилен пакет тәркіленді. Кейін оған тиесілі «Nissan» автокөлігін тінту кезінде тағы 3 полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 6 келі екені белгілі болды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Сақшылар есірткіні жеткізу арнасын анықтап жатыр. Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 32 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.

Соңғы жаңалықтар