Елордада француздық әйгілі «Такси» фильміндегі автокөлік көшірмесі көрмеге қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елорда төрінде ашылған «Automechanika Astana-2025» көрмесінде Францияның «Такси» фильміндегі культ Peugeot 406 автокөлігінің қолдан жасалған көшірмесі жұрт назарына ұсынылды.

Культовый автомобиль из французского фильма «Такси» представили на выставке в Астане
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Фильмде Даниэль есімді кейіпкер Марсель көшелерінде полициядан қашып құтылған осы көлікті енді Астанада көруге болады. Жоба 1999 жылғы модель негізінде қайта жасалған және тек сыртқы келбетін ғана емес, сонымен қатар аты аңызға айналған кинотуындының рухын да жеткізе алады.

автовыставка
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Automechanika көрмесі — дәстүрлі көлік сүйер қауым мен саланың кәсіпқойларын біріктіреді. Биыл ерекше назар эксклюзивті автокөліктерге аударылды. Олардың қатарында Қазақстандағы жалғыз Mitsuoka BUBU Classic SSK (Mercedes-Benz 1933 стилінде), жаңғыртылған Ford Crown Victoria LTD, сондай-ақ «Форсаж» фильміндегі атышулы Supra-ның заманауи нұсқасы және тағы басқа көліктер бар.

авто
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Көрме алаңы Германия, Италия, Жапония сынды елдерді қосқанда, 22 елден келген жетекші өндірушілерді, дистрибьюторларды, сервистік компания өкілдері мен салалық сарапшыларды біріктірді.

Олжас Сапарбеков
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Бүгін елордада Германия, Италия, Жапония секілді 22 елден келген 350 компания өкілдері автомобиль өнеркәсібі саласындағы ең жаңа технологиялар мен шешімдерді, идеяларды таныстыру үшін бас қосты, — деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Оның айтуынша, машина жасау, оның ішінде автокомпоненттер өндірісі мен сервистік инфрақұрылым салалары — Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының басым бағыттарының бірі. Көрме жергілікті өндірістің дамуына және жаһандық жеткізу тізбектеріне бірігуге серпін береді.

выставка
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетсек, елордада Орталық Азиядағы ең ірі — «Automechanika Astana» халықаралық автомобиль көрмесін өткізу дәстүрге айналған.

Соңғы жаңалықтар